русский язык
Бокс

Фото. Дикий Арман пен Катар ханзадасы қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жүлделерімен құттықтады

Фото. Дикий Арман пен Катар ханзадасы қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жүлделерімен құттықтады

Бұрынғы боксшы, кейін Дикий Арман деген атпен танымал болған Арман Жұмагелдиев Катар ханзадасы және осы елдің бокс федерациясының президенті шейх Юсуф Әли әл-Казиммен қазақстандық боксшыларды – 2021 жылғы Бүкіләлемдік бокстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассаламу алейкум, әлем чемпионатынан кейін турнирді дүр сілкіндірген бокс командамызды қуана қарсы алдық. Менімен бірге Катар ханзадасы, сондай-ақ Катар федерациясының президенті шейх Юсуф Әли әл-Казим келіп, бүкіл қазақ халқына дұға жасап, қазақтардың жауынгерлік рухын, олардың ислам дініне беріктігін атап өтті.

Алла тағала өз жолында табанымызды бекемдеп, жеңістеріміз көп болып, дұшпандар алдында жүзімізді жарқын қылсын. Біз тау барысымыз, даламыздың қасқырымыз!» – деп жазды Арман Жұмагелдиев Instagram парақшасында спортшылармен кездесуі туралы.

2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық медальдар есебінде екінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;