русский язык
Бокс

Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды

Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградтағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы финалда америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасты. Сәкен үш раунд бойы сенімді өнер көрсетіп, қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Бибосынов карьерасында алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр.

Сәкен жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген еді. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен.

Еске салайық, кеше қазақстандық Теміртас Жүсіпов те әлем чемпионатының алтын медалін иеленген. Құрама қоржынында екі алтын медальдан бөлек, бір күміс, бір қола жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;