русский язык
Бокс

Бекзад Нұрдәулетов пен Мейірім Нұрсұлтанов салмақ өлшеді

Бекзад Нұрдәулетов пен Мейірім Нұрсұлтанов салмақ өлшеді

6 қарашада Ақтаудағы «Халық Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеште Бекзад Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) өнер көрсетеді. Әуесқой бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов өзбекстандық Фарух Джураевпен (6-4-1, 2 КО) жұдырықтасады.

Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов беларусь боксшысы Дмитрий Атроховпен (16-11, 7 КО) кездеседі. Нұрдәулетов пен Нұрсұлтановтың жекпе-жегі – сегіз раунд.

Фото instagram.com/adal_promotions

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;