Қысқы

Қазақстанда Шығыс Еуропа Кубогы өтеді

Қазақстанда Шығыс Еуропа Кубогы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

12-15 қараша аралығында Щучинск қаласындағы ұлттық шаңғы спорты орталығында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогының бірінші кезеңі өтеді.

Бүгінге дейін Қазақстан, Ресей және Марокко спортшылары Шығыс Еуропа Кубогының бірінші кезеңіне қатысатындарын растады. Қазақстан құрамасы жарысқа толық құраммен шығуды жоспарлап отыр.

Шығыс Еуропа Кубогы – Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украинаны біріктіретін аймақ жарысы. Бұл елдердің спортшылары арасында осы жарыстарда әлем чемпионатына қосымша квота ойнатылады. Басқа елдердің шаңғышылары Шығыс Еуропа Кубогында әлем кубогының квоталарына ұпай талап етпей, қалыпты FIS жағдайында жарыса алады.

Ұлттық шаңғы орталығында мұндай деңгейдегі жарыс екінші рет өтеді. 2019 жылы осы жерден басталған құрлықтық Кубокке Беларусь, Қазақстан және Ресейден келген 150 шаңғышы қатысты.

Шығыс Еуропа Кубогы жарысы Ұлттық шаңғы орталығының телестудиясы COP ZVS TV Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Ақмола облысы мен Щучинск қаласында эпидемиологиялық жағдай қолайлы болған жағдайда, көрермендер трибунадан жарысты көре алады.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер