русский язык
Бокс

«Барымды салдым». Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шығуы туралы

«Барымды салдым». Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шығуы туралы

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыққанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жек қиын болды. Мен бапкерлердің айтқанын істеп, бүкіл күшімді салдым. Соның арқасында финалға шықтым. Бапкерлер қалай жұдырықтасуым керегін айтты. Олар арақашықтықты сақтап, оны алдау керек деді.

Мен бұл қарсыласпен тек жаттығу жиындарында кездестім. Олар бізге келгенде спарринг болды. Бірақ жарыстарда біз бірінші рет кездестік. Қолдау өте күшті болды. Мен бәрін естідім және сезіндім, жанкүйерлерімізге рақмет!»,- деді Жүсіпов.

Естеріңізге сала кетейік, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;