русский язык

«Қайрат» жанкүйерлері Евгений Гайдамакинді еске алды

«Қайрат» жанкүйерлері Евгений Гайдамакинді еске алды

«Қайрат» жанкүйерлері танымал қазақстандық журналист Евгений Гайдамакинді еске алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір Алматыдағы Орталық стадионда Конференция лигасы топтық кезеңінің төртінші турындағы «Қайрат» - «Карабах» матчы өтіп жатыр.

Қазақстандық клубтың фанаттары Евгенийдің суреті салынған плакат жайды. «Мәңгі бізбен бірге», - деп жазылған фотосуретте.

Евгений Гайдамакин – Қазақстандағы танымал спорт журналисі, Sports True Youtube-каналының авторы.

Евгений коронавирустан көз жұмған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;