Қысқы

Шорт-тректен ел құрамасы елордада кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады

Шорт-тректен ел құрамасы елордада кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы елордада кезекті оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мәдіғали Қарсыбеков шәкірттері елордада "Алау" мұз айдынында жаттығуларын пысықтап жатыр. 13 қарашаға дейін жалғасатын жаттығуда 12 спортшы шеберліктерін шыңдайды.

Атап айтқанда, ерлерден Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали ал қыздар арасында Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева мен Әсел Тайшыманова жаттығуға кіріскен.

Айта кетерлігі, жақында ғана ұлттық құрама Жапониядағы әлем кубогінің кезеңінен елге оралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер