русский язык

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы алматылық клубтың «Карабахты» жеңетініне сенбейді

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы алматылық клубтың «Карабахты» жеңетініне сенбейді

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Чума Анене «Қайрат» – «Карабах» матчына болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.

Оның ойынша, алматылық команда жеңіске жете алмайды.

«Менің ойымша, «Қайраттың» жеңіске жетуге мүмкіндігі бар, бірақ «Карабах» мықтырақ команда. «Қайрат» командасы соңғы үш кездесудің бәрінде жеткен жағдайда, топтан шығуға мүмкіндік алады. Ықтималдығы аз болғанымен, бұл жүзеге аса ма, аспай ма, көрейік.

Бұл ойында «Карабах» жеңіске жетеді деп ойлаймын. Кездесу қызықсыз өтуі мүмкін, бірақ соңында әзірбайжандық команда 1:0 есебімен жеңіске жетеді. «Қайрат» бүгін барын салуы керек. Не бел кетеді, не белбеу кететін ойын. Алматылықтар бүгін жеңілсе, топтан шығудан күдер үзеді. Демек, олар тәуекелге барады.

«Карабах» топтан шығуға жақын, бірақ келесі кезеңге өту үшін «Қайратты» жеңгісі келеді. Егер мен қонақ команданың жаттықтырушысы болсам, бүгін барлық мықты ойыншыны алаңға шығарар едім. ал содан кейі қалған екі кездесуде аралас құраммен тәжірибе жасап көруге болады. Өкінішке орай, «Қайрат» бұл ойында да жеңіске жете алмайды деп ойламаймын», - дейді норвегиялық футболшы.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Карабах» кездесуі 4 қараша күні Алматыда өтеді. Матч жергілікті уақыт бойынша 21:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;