русский язык

«Шахтердің» стадионында матч өткізуге тыйым салынды

«Шахтердің» стадионында матч өткізуге тыйым салынды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қарағандыдағы стадионда Қазақстан кубогы аясындағы «Шахтер» - «Тобыл» матчын өткізуге рұқсат етілмегенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Қазақстанның футбол федерациясының алаңдарды тексеру комиссиясының шешімімен Қазақстан Кубогының ½ финалы аясындағы «Шахтер» - «Тобыл» ойынын Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында өткізуге тыйым салынды.

«Шахтер» стадионында жасанды алаңның жылыту жүйесі толық көлемде жұмыс істемейді. Сонымен қатар алаңның түйіршіктерінің көлемі талапқа сай келмейтіні анықталды, аталмыш факторлар соққының амортизациясы мен доптың серпілісіне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашын мөлшерінің артықтығына байланысты, сонымен қатар футбол алаңының қатуы мен жылыту жүйесінің әлсіз жұмысын ескере отырып, комиссия Қарағандыдағы «Шахтер» стадионы матчтарды өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді және ойыншылардың жарақат алу қауіпі бар деген қорытынды шығарды.

Комиссияның шешімі бойынша «Шахтер» - «Тобыл» ойыны басқа стадионда өтеді, - деп жазды ҚКФЛ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;