русский язык

Ел чемпиондары марапатталды

Ел чемпиондары марапатталды

Қостанайда Қазақстан чемпионатының жеңімпазы – «Тобыл» футбол клубына құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын Жастар сарайында өтті.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол одағы федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин арнайы келіп қатысты. Ол клуб мүшелерін құттықтап, команда жетістігін барша қостанайлықтардың тарихи жеңісі деп атап өтті.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жеңіс үшін еңбек сіңірген клуб мүшелеріне, көрермендерге алғыс білдіріп, спортты дамыту бағытында кейінгі жылдары атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

«Өңірімізде саламатты өмір салтына жақсы көңіл бөлініп келеді. Мысалы, соңғы үш жылдың ішінде біз 105 шағын футбол алаңын салдық. Оның 65-і аудан орталықтары мен тірек ауылдарда, қалғаны – Қостанай қаласында. Алтынсарин, Қамысты аудандары мен Лисаков, Арқалық, Рудный қалаларындағы стадиондар жаңартылды. Аманкелді, Жанкелдин, Ұзынкөл аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтерді. Осының бәрі бұқаралық спорттың дамуына ықпал ететін бастамалар», — деді Архимед Мұхамбетов.

Команда капитаны Азат Нұрғалиев те спортсүйер қауымның, аймақ басшысының, клуб қызметшілерінің жан-жақты қолдауын сезінген әріптестерінің атынан алғыс айтты.

Марапаттау рәсімінен соң көпшілік жергілікті өнерпаздар мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;