русский язык
Басқа

Алматыда балалардың спорт үйірмелеріне қатысуын әкімдік төлейді

Алматыда баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін үйірмеге жазуға болады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Akimat LIVE тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қалада 40 мыңға жуық баланы тегін спорттық үйірмемен қамту жоспарланды.

«Биылдан бастап спорт үйірмелеріндегі жаттығуларға балалардың ақысын Алматы әкімдігі төлейтін болады. Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлінді. Тегін үйірмелерге барлығы 40 мыңға жуық баланы қамту жоспарланды. Спорт түрін баланың қалауы бойынша таңдауға болады», - деді әкім.

Бұл мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің арқасында мүмкін болды.

«Тегін үйірмелерге 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қатыса алады, сондай-ақ, спорттың 71 түрін таңдауға болады. Ал ең қолайлы үйірмені үйден шықпай-ақ, artsport.edu.kz сайтынан таңдай аласыз. Мұны ата - аналардың өздері сайтқа тіркелу арқылы жасай алады», - деп нақтылады Б.Сағынтаев.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;