русский язык

Қазақстан Кубогының финалы «Астана Аренада» өтеді

Футболдан Қазақстан Кубогының финалы Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

Оның мәліметінше, финал Қостанайдағы «Тобыл Арена» жабық алаңында өтуі мүмкін еді. Алайда сапалы трансляция жасау үшін «Астана Арена» стадионы таңдалған.

Бұған қоса, ел Кубогының жартылай финалы мен ақтық кездесуде VAR жүйесі сынақтан өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;