Грек-рим күресі

Грек-рим күресі: Абдурахманов U23 әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Грек-рим күресі: Абдурахманов U23 әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
news-banner7
mobile-news-top

Сербия астанасы Белград қаласында 23 жасқа дейінгі бадуандар арасында әлем чемпионаты басталды.

Қазақстандық балуандардың нәтижесі:

Жарыстың бірінші күні грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87, 130 келідегі балуандар бақ сынады.

Қазақстан сапынан 55 келі салмақ дәрежесінде Арлсан Абдурахманов бозкілемге шықты. Жартылай финалға дейін қарсылаас шақ келтірмеген оны жартылай финалда ресейлік Мавлуд Ризманов тоқтатты.

Нәтижесінде, Арслан Абдурахманов әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресетін болады.

Ал 63 келіде беслдескен Асаухат Мухамадиев грузиялық Лери Абуладзеден 5-1 есебімен ұтылды. Күрес ережесіне сәйкес, қотандасымыздың қарсыласы финалға шыққандықтан Асаухатқа жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік берілді.

77 келіде Азат Садықов Серб балуаны Алекса Иличтен 5-4 есебімен ұтылса, 87 келіде Мақсат Сайлау ресейлік Александр Комаровтан 10:2 есебімен жеңілді. Алайда, Мақсат та жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды.
Ауыр салмақта, 130 келіде Антон Савенко Иран балуаны Амин Мирзозадеге 3:1 есебімен есе жібергенімен, ол да жұбаныш белдесуінде күреседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер