Елена Рыбакина WTA рейтингінде жеке рекордын қайталады
![Елена Рыбакина WTA рейтингінде жеке рекордын қайталады](https://prosports.kz/upload/news/content//202111/472_ca69b90b996629455954e567c1caa434.jpg?v=28665032)
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингтің көшбасшысы австралиялық Эшли Барти болып қала береді. Екіншісі - белоруссиялық теннисші Арина Соболенко, үшінші орында - чехиялық Каролина Плишкова.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үш сатыға көтеріліп, жеке рекордын қайталап, 16-шы болды. Ал Юлия Путинцева 44 орында қалды. Зарина Дияс ТОП-100-ден тағы да шығып, екі позицияға – 102-орынға түсті.
Жұптық сында бельгиялық Элиза Мертенс бірінші орынға шықты, екінші орында чехиялық Катерина Синякова болды, оның отандасы Крейчикова үшінші орынға көтерілді.
«Дабл» рейтингінің бірінші жүздігінде қазақстандық Елена Рыбакина 49-шы, Анна Данилина 84-ші орынға көтерілді.