Футзал

Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімінің қашан өтетіні белгiлi болды

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімінің қашан өтетіні және элиталық раунд ойындарының қашан басталатыны белгілі болды.

Элиталық кезеңнің жеребесі 3 қарашада елорда уақытымен 19:00-де басталады. Ал элиталық кезеңнің матчтары осы жылдың 30 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін өтеді.

16 клуб төрт-төрттен төрт топқа бөлінеді. Элиталық раундтың төрт тобының жеңімпаздары 2022 жылдың 28-30 сәуір аралығы немесе 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін финалдық турнирге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан элиталық кезеңге алматылық «Қайрат» жолдама алды, ал «Атырау» негізгі раундтағы үш кездесуінде де жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер