Футзал

ЧЛ: Элиталық кезеңнің жеребесі қашан тартылатыны анықталды

ЧЛ: Элиталық кезеңнің жеребесі қашан тартылатыны анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімінің басталатын күні мен уақыты белгілі болды.

Жеребе тарту рәсімі 3 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де өтеді. Матчтар ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында өтеді.

16 клуб әрқайсысы төрттен төрт топқа бөлінеді. Элиталық раундтың төрт тобының жеңімпаздары 2022 жылдың 28-30 сәуірі немесе 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін финалдық турнирге жолдама алады.

Еске сала кетейік, Қазақстаннан алматылық «Қайрат» элиталық раундқа өтсе, «Атырау» негізгі айналымда үш жеңілісімен турнирдегі жолын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер