русский язык
Бокс

Құлахмет мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады

Құлахмет мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-1) Ұлыбританияда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз доминикандық Хуан Карлос Абреумен (24-6) жұдырықтасты.

Бірінші орта салмақтағы WBC International титулы сарапқа салынған жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Бірақ жетінші раундта Құлахмет күтпеген жерден нокаутпен жеңілді.

Айта кетейік, Құлахмет әуесқой бокстан Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылғы Азия чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Кәсіпқой бокста кейінгі рет рингке 2021 жылы шілдеде шыққан. Алматыда өткен кеште ол оныншы раундта ресейлік Алексей Евченконы (19-15, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;