Қысқы

Рейхерд: Алдағы маусымда әлем кубогы кезеңдеріне қатысамын

Рейхерд: Алдағы маусымда әлем кубогы кезеңдеріне қатысамын
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы қысқы маусымға дайындықты Еуропада өткізіп жатыр. Команда мүшесі Дмитрий Рейхерд алдағы мақсаттарымен бөлісті.

«Алдағы маусымға жақсы дайындалдық. Өзімді өте сенімді сезінемін. Жаттығу жиындары өте жақсы өтті. Бапкерлермен бірге алға қойған мақсаттардың бәрін орындадық. Қателіктермен жұмыс істейміз.

Алдағы уақытта әлем кубогының барлық кезеңіне қатысу ойымда бар. Жаңа жылға дейін төрт кезең бар. Финляндия, Швеция, Францияда өтеді. Ал жаңа жылдан кейін Канада мен АҚШ-та үш кезең бар. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасына қатысу үшін ұпай жинау да басты мақсатым», - деді Рейхерд.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер