русский язык
Бокс

Әлімханұлының бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жегі шегерілді

Әлімханұлының бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жегі шегерілді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) командасы WBA Regular тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Н'Дам Н'Жикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жек кейінге қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кеше белгілі болды. Top Rank ресми енді жариялайтын шығар.

Бірақ біз жанкүйерлерімізге оларды күтпей жаңалықты ертерек хабарлауды жөн деп шештік.

Жекпе-жек уақыты кейінге яғни 5 қарашадан 20 қарашаға ауысады деген хабар келді. Қарсыластың виза мәселесі реттелмеген көрінеді.

Бұйыртса Кроуфорд пен Портер андеркартында жұдырықтасамыз! Әр істе біз ойламаған жақсылық бар. Бұйыртса үлкен шоуда, әлем назар салатын бокс кешінде өнер көрсетеміз! Жүздескенше», – деп жазады боксшысының Instagram командасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;