русский язык
Әлем футболы

Азардың «Реалдағы» күні санаулы

Бельгия құрамасының және "Реал" клубының ойыншысы Эден Азар қысқы трансферлік маусымда команда ауыстыруы мүмкін.

Азар "Ньюкасл" немесе "Челси" сапына ауысуы мүмкін. "Реал" бас бапкері Карло Анчелотти бельгиялық ойыншыны команданың негізгі құрамынан көргісі келмейтінін жеткізген.

Еске салайық, Азар Лондонның "Челсиінен" корольдік клубқа 100 млн еуроға ауысқан болатын. Сонымен қатар, Эден Азар фастфуд өнімдерін жақсы көретіндіктен тез салмақ қосып алады. Ол сонысымен талай мәрте бапкерлерінен сөз естіген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;