Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
![Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202110/201131_e7f507542bb79e88c7646a2525ba43c8.jpg?v=28705225)
Бокстан ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов 67 келіде қолғап түйістіруде. Ол екінші айналымда Венесуэла спортшысы Кристиан Паласионы 5:0 есебімен ұтты.
Айта кетерлігі, Гурген Мадоян (Армения) мен Дамиан Дуркач (Польша) жұбының жеңімпазы ұлттық құрама капитанының келесі айналымдағы қарсыласы атанады.