ЧЛ: Игита «Тюменьге» қарсы матч алдында жанкүйерлерге үндеу жасады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Қайрат» футзал клубының капитаны Игита Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясындағы матч алдында жанкүйерлерге үндеу жасады, деп жазады Prosports.kz.
«Қайрат» ресейлік «Тюменьмен» кездеседі. Матч Алматы уақытымен 21:25-те басталады.
«Бүгін біз «Тюменьмен» кездесеміз. Турнирдегі алғашқы жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет», - деп жазды Игита Instagram парақшасында.