Ұлттық спорт

Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті

Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында чемпионат және ат жарысынан ересектер арасында ашық турнир өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпионатты Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және ұлттық және ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырды. Оған өңірдің алты ауданынан 15-17 жастағы жасөспірімдер қатысты.

«Чемпионатқа 2004–2006 жылы туған 70-ке жуық бала қатысты. Олар көкпар тартудан жарысты. Шет ауданы жеңіске жетті. Екінші орынды – Жаңаарқа, үшінші орынды Қарқаралы ауданы иеленді. Олар сәйкесінше 300, 150 және 70 мың теңге сыйақы алды. Жеңімпаздар 3-10 қарашада өтетін Алматы облысындағы ел чемпионатында біздің облыстың намысын қорғайды», – деді Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері федерациясының басшысы Нұржан Шайхин.

Көкпардан ересектер арасындағы ашық турнирде қарағандылық «Бәйтерек» командасы үздік деп танылды. Екінші және үшінші орындарды Бұқар Жырау ауданы мен Ақмола облысының «Бабай» және «Аршалы» командалары иеленді.

Ересектер арасында ат жарысы бойынша: құнан-бәйге (12 шақырым), аламан-бәйге (20 шақырым) ұйымдастырылды.

Жарыстың ең қиын кезеңі – аламан бәйгеде бірінші орынды Айса ауылының Мәскеу атты тұлпары жеңіп алды. Құнан-бәйгеде Қызылжар ауылынан Қаражал атты сәйгүлік көш бастады. Бас жүлдеге автомобильдер тігілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер