русский язык
ММА

Өзбек файтері қазақстандық промоушенмен келісімшартқа отырды

Өзбек файтері қазақстандық промоушенмен келісімшартқа отырды

Аралас жекпе-жектен (ММА) Өзбекстан өкілі Достон Бозоров қазақстандық Octagon промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, келісім-шарттың екі жылға жасалғанын айтты.

Айта кетейік, Достон Бозоров өзінің соңғы жекпе-жегін 23 қазан күні Нұр-Сұлтанда дәл осы лига аясында өткізген болатын. Бұл шайқаста оның қарсыласы қазақстандық Нұрбек Тәжібаев болды. Тартысты жекпе-жекте Өзбекстан спортшысы жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;