русский язык
Басқа

Қазақстандық мергендер Өзбекстанда халықаралық жарысқа қатысады

Қазақстандық мергендер Өзбекстанда халықаралық жарысқа қатысады

Өзбекстанның Самарқанд қаласында садақ атудан халықаралық «Тумарис» турнирі басталады. Аталған бәсекеге қазақстандық мергендер қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық жарыста Қазақстан сапынан бес спортшы ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, Нұрила Мұхтарханова, Адия Серік, Александра Воропаева, Алма Калибаева мен Нұрай Бөргекова бақ сынайды.

Айта кетерлігі, аталған дода 30 қазанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;