русский язык
Әлем футболы

Конте «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырғысы келеді

Конте «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Челси», «Интер» мен «Ювентустің» бұрынғы бас бапкері Антонио Конте «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Маман МЮ-дің ұсынысын қабылдауға дайын. Бірақ әлі ресми ұсыныс болмаған. Ағылшын клубы Уле-Гуннар Сульшерді қызметінен кетіру керек пе, жоқ па деп бас қатырып отыр.

«Манчестер Юнайтед» басшылығы Антонио Контемен әлі келіссөз жүргізбегені хабарланды.

Англия Премьер-лигасының тоғызыншы турынан кейін «қызыл сойқандар» 14 ұпаймен 7-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;