русский язык

Вагнер Лав карьерасын отанында жалғастыруы мүмкін

Вагнер Лав карьерасын отанында жалғастыруы мүмкін

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Вагнер Лав карьерасын бразилиялық «Интернасьонал» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «ЦВБП-медиа» телеграм-каналы жазды.

«ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы (қазір «Қайратта» ойнайды) Вагнер Лавқа «Интернасьонал» көз тікті, клуб 37 жастағы Паоло Геррероның орнына футболшы іздеп жатыр.

Перулік клубпен келісімшарт бұзылады. Жергілікті радиожурналистердің мәліметінше, бұл жағдайда бразилиялық клуб Вагнерге қызығушылық танытып отыр», - деп жазылған хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;