русский язык
ММА

OCTAGON 24. Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин техникалық нокаутпен жеңіске жетті

OCTAGON 24. Әлішер «Mortal Kombat» Ғабдуллин техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Нұр-Сұлтандағы OCTAGON 24 ивентінің басты жекпе-жектерінің бірінде Takhtay Team клубының қазақстандық өкілі Әлішер Ғабдуллин (8-3) қырғызстандық Азамат Қарабековті (8-2) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аралық салмақтағы кездесу екі минутқа да созылған жоқ. Қарабеков жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Ғабдуллин техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, OCTAGON 24 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қасым Әнуарбек (5-2) пен қырғызстандық Нұрболот Аскарбек уулу (8-1) титул сарапқа салады.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы, 1XBET букмекерлік компаниясы, сондай-ақ Jaguar Energy Drink.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;