ММА

Резников пен Раисов реваншын Қазақстанда өткізу ұсынылды

Резников пен Раисов реваншын Қазақстанда өткізу ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

Naiza Fighting Championship матчмейкері Мырза Еркенбеков Юсуф Раисов пен Артем Резников арасындағы реванш туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркенбеков Инстаграмдағы парақшасында кездесуді ұйымдастыруға дайын екенін жазды.

«Юсуф Артем Резниковпен реванш өткізгісі келсе, біз NFC 36 турнирінде оны басты жекпе-жек қылуға дайныбыз», — деп жазды матчмейкер.

Еске салайық, бұған дейін Резников Absolute Championship Akhmat лигасынан кететінін хабарлаған, себебі промоушен қазақстандықпен келіспей, ол ресейлік Юсуф Раисовпен кездесуге шығатынын мәлім еткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер