Жеңіл атлетика

Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Милад Карими жетінші орын иеленді

Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Милад Карими жетінші орын иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Китакушу қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін еркін жаттығудан финалдық кезең аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасының мүшесі еркін жаттығудағы финалда 7-ші орын иеленді. Ол 14,333 ұпай жинаған.

Алтын медальді италиялық Николя Бартолини (14,800), күміс жүлдені жапониялық Казуки Минами (14,766), қоланы финляндиялық Эмиль Сораву (14,700) еншіледі.

Ертең Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша финалда өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер