«Тараз» футболшылардың қарызы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

«Тараз» футболшылардың қарызы туралы ақпаратқа түсініктеме берді
news-banner7
mobile-news-top

«Тараз» футболшылар алдындағы қарызы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараз» футбол клубының ойыншыларға қарызы туралы ақпараттарға байланысты мұндай жағдайлар Премьер лигадағы көптеген командаларда да кездесіп отырған жайт екендігін хабарлаймыз. Дегенмен клуб әкімшілігі футболшылар алдындағы міндеттемелерін толық орындауға тиісті шараларды қабылдайды.

Ойыншылардың Талдықорған қаласында болатын кездесуге барғысы келмеуі туралы ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді. Команда толық құрамда сырт алаңдағы кездесуге аттанап, матчтың соңғы минутына дейін барып салып ойнады және жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер