Басқа

Спорттық гимнастика: Көпсайыстан жаңа әлем чемпионы анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Китакюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем біріншілігі жалғасуда. Бүгін көпсайыстан финалдық кезең аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Көпсайыс қорытындысы бойынша 87,981 ұпай жинаған қытайлық Чжан Бохэн әлем чемпионы атанды. Аталған спортшы әлем чемпионатында алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Токио Олимпиадасында Чжан Қытай командасының резервінде болған.

Күміс жүлдені жапониялық Дайки Хасимото (87,964), қола медальді украиналық Илья Ковтун (84,899) жеңіп алды.

Айта кетелік, қазақстандық Милад Карими көпсайыстан іріктеу кезеңінде 16-шы орын алып, финалға жолдама алған болатын. Алайда, бапкерлер құрамы ақылдаса келе, Миладты гимнастикалық керме және еркін жаттығудағы ақтық сынға қатыстыруды жөн көрді.

Одан бөлек, қазақстандық Нариман Курбанов гимнастикалық ат снаряды бойынша финалда сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер