«Алматыда оларға өте қиын болады». «Ордабасы» қорғаушысы «Қайраттың» «Карабахқа» қарсы қарымта матчтағы басымдығын айтты

«Алматыда оларға өте қиын болады». «Ордабасы» қорғаушысы «Қайраттың» «Карабахқа» қарсы қарымта матчтағы басымдығын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Ордабасының» қорғаушысы Керем Сұлтанов azerisport.com сайтына берген сұхбатында Бакуде Конференция лигасы топтық кезеңінің 3-турындағы әзербайжандық «Карабах» пен «Қайрат» арасындағы матчқа (2:1) қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Бірінші таймда «Қайрат» өте жақсы ойнады, тіпті гол соға алды. Ал үзілістен кейін есепті ұстап қалу үшін ойнай бастады. Менің ойымша, олар бірінші таймдағы қысымды жалғастыруы керек еді.

«Карабахқа» жеңіске жетуге жанкүйерлер көмектесті. Матчтар ұзақ уақыт бойы жанкүйерсіз өтті. Алматыда «Карабахқа» өте қиын болады деп ойлаймын. «Карабах» әрқашан жақсы әрі мықты команда. Осы маусымда олар ұлттық құраманың ойыншыларымен қатарына қосты. Олардың бірі Рамиль Шейдаев алаңға шығып, есепті теңестірді», - деп мәлімдеді қазақстандық футболшы.

.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер