10 минут шыдамадық. «Қайрат» жеңісті ұстап тұра алмай, «Карабахқа» жол берді

10 минут шыдамадық. «Қайрат» жеңісті ұстап тұра алмай, «Карабахқа» жол берді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасы топтық кезеңінің 3-турында әзербайжандық «Карабахпен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Бакуде Тофик Бахрамов атындағы стадионда өткен. Бірінші тайм қонақтар үшін сәтті өтті. Қарсыласқа допты беріп қойғанымен, көбірек соққы жасады. Ал 19-минутта бас төреші алаң иелерінің қақпасына пенальти белгілеп, нүктеге келген Канте мүлт кетпеді. Үзіліске дейін алматылық команда есептегі басымдығын ұстап тұрды.

Ал екінші таймда «Карабах» допқа иелік етіп, қауіпті шабуылдай бастады. Ал қазақстандық команда көбіне қорғанумен болды.

Бірақ «Қайрат» жеңіс есебін ұстап тұра алмады. 79-минутта Рамиль Шейдаев айып алаңындағы қарбаласта дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

Кейін алаң иелері жеңіс голын соғып кетті. Қосымша уақытта Аббас Гусейнов гол салып, әзербайжандық клубқа жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1, «Карабах» үш ұпай еншіледі.

Осы ойыннан кейін алматылық команда 1 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал «Карабах» 7 ұпаймен уақытша көш бастады.

Енді 4 қарашада «Қайрат» Алматыда «Карабахты» қабылдайды.

Конференция лигасы. Н тобы. 3-тур.

«Карабах» (Агдам, Әзербайжан) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – 2:1 (0:1)

Голдар: Канте 19 (пенальтиден – 0:1), Шейдаев 79 (1:1), Гусейнов 90+1 (2:1)

Төреші: Арановский (Украина)

21 қазан. Баку. Тофик Бахрамов атындағы стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер