Теннис

Теннис: Недовесов Антверпен турнирінің жартылай финалына шықты

Теннис: Недовесов Антверпен турнирінің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен - хорватиялық Матей Шабановпен кездесті.

Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты.

Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдылық көрсетті - 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты.

А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартенмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер