ММА

Дәурен Ермеков титул үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Дәурен Ермеков титул үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (15-5) GFC ұйымының уақытша чемпионы атанған соң қандай жоспары бар екенін айтты.

Сочиде өткен Eagle Fighting Championship 42 аралас жекпе-жек турнирінде Дәурен Ермеков жеңіліп көрмеген ресейлік Нуцалхан Умахановты (7-0) жеңді.

«Басты мақсатым - лиганың белбеуі. Титул үшін жұдырықтасқым келеді, мен оған дайынмын. Лиганың уақытша чемпионы болдым, енді титул үшін Фариддун Одиловпен кездескім келеді. Қаңтар - ақпан, осы уақытқа дайын боламын», - деді спортшы.

Осылайша, Дәурен Ермеков кәсіпқой мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізсе, Нуцалхан Умаханов бірінші рет ұтылды.

Айта кетейік, Eagle Fighting Championship промоушнінің иесі - UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер