Әлем футболы

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында тағы бір керемет жетістікке қол жеткізді. Португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасында 38 түрлі командаға гол соқты, бұл турнирдегі рекорд болып саналады.

Бұған дейін Криштиану 37 түрлі клубқа гол соққан Лионель Мессимен алғашқы орынды бөлісіп тұрған еді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-турында «Манчестер Юнайтед» «Аталантаны» ұтты. Кездесу Манчестердегі (Англия) «Олд Траффорд» стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Жеңіс голын дәл сол Роналду соқты.

«Манчестер Юнайтед» үш ойында 6 ұпай жинады және F тобында көш бастады. «Аталанта» (4 ұпай) екінші орында тұр. Келесі турда «Манчестер Юнайтед» тағы да «Аталантамен» ойнайды. Матч 2 қарашада өтеді.

Түпнұсқасы: meta-ratings.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер