Құрбан Бердиев: Бакудегі ойын тартысты өтетіні сөзсіз

Құрбан Бердиев: Бакудегі ойын тартысты өтетіні сөзсіз
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің үшінші турында әзірбайжандық «Карабахпен» сырт алаңдағы ойыннан не күтетін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бакуге қандай мақсатпен келдіңіз? Жеңіске жету міндетті ме, әлде тең нәтижеге де көңіліңіз тола ма?

- Біз тек бір ұпай алу үшін келдік деп айтпас едім. Бұл жағдайда «Қарабахқа» да, бізге де жеңіс қажет.

- «Қарабахқа» арнайы тактика дайындалды ма?

- Егер біз тактика туралы айтатын болсақ, менің ойымша, бұл баспасөз мәслихатында қойылатын сұрақ емес.

- «Қарабах» бірнеше матч жеңілмей келеді. Бұл сіздің ойыншыларға қаншалықты әсер етеді?

- Иә, бұл, әрине, команданы жігерлендіреді. «Қарабах» ұзақ жылдар бойы Әзірбайжан футболының көшбасшысы болды. Өте тәжірибелі команда. Ертең ойын қызықты болады деп ойлаймын.

- БАҚ Вагнер Лав ойнамайды деп жазды ...

- Өкінішке қарай, Вагнер Базелде жарақат алып, жалпы топта 2-3 жаттығу ғана өткізді. Дегенмен, оның ойынға қатысуы әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер