Басқа

Бадминтоншы Дмитрий Панармин: Кипрдегі жеңістен сол ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын

Бадминтоншы Дмитрий Панармин: Кипрдегі жеңістен сол ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын
news-banner7
mobile-news-top

Бадминтоннан Кипрде өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы Дмитрий Панарин жарыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары туралы айтты деп жазады Olympic.kz.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырылуында еш мін жоқ. Көптен бері ірі бәсекелерге қатыспағандықтан, мұндай додаларды сағынып қалыппыз.

Бұл бәсекеде бірінші орын алдым. Қарсыластарымның барлығы да қарымды болды.

Енді осы аптада Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысамын. Содан соң Доминикан Республикасында өтетін халықаралық турнирге аттанамын», - деді Панарин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер