Қазақстан құрамасы Франциямен матчтан кейін Тәжікстанмен жолдастық ойын өткізеді

Қазақстан құрамасы Франциямен матчтан кейін Тәжікстанмен жолдастық ойын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды. Қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты. Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Тәжікстан құрамасы ФИФА рейтингінде 118 орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні Әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер