Теннис

Қарағандыда үстел теннисінен командалық ашық чемпионат өтеді

Қарағандыда үстел теннисінен командалық ашық чемпионат өтеді
news-banner7
mobile-news-top

22 қазан күні Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстанның командалық ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Суперлигада «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Sigma» (Шымкент), «Greenwill» (Ақтөбе), «Шолақ Терек» (Қостанай облысы), КНТ «Қарағанды», СК Хван Ман-Гым (Өзбекстан), «Тигры Масанчи» (Жамбыл облысы), «Жетісу» (Алматы облысы), «Казаэронавигация» (Нұр-Сұлтан) және КНТ «Қарағанды-2» клубтары сынға түседі.

Жоғары лигада жалпы есебі 23 клуб бақ сынайды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, турнир көрерменсіз өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер