Басқа

«Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары аяқталды

«Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Ақтау қаласындағы «Маңғыстау Аренада» ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарының жабылу салтанаты өтті.

11 қазаннан бастап Маңғыстау облысында 14 облыстан келген 2000-нан астам қатысушы спорттың 14 түрінен: теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, жазғы президенттік көпсайыс және кикбоксингтен сынға түсті. Жалпы төрт жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес, салауатты өмір салтын серік еткен жандар өнер көрсетті.

Іс-шара барысында алғашқы сөз кезегін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев алып, содан кейін командаларды марапаттады. Ойындардың соңғы күні шағын футболдан үздік шыққан командалар белгілі болды. Ала доп бәсекесінде Түркістан облысы топ жарса, Қызылорда екінші, Атырау үшінші орынға ие болды.

Осыдан кейінгі кезекте «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарының қорытынды ұпайын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне кезек келді. Қорытынды есепте 199 ұпайымен 1-орынды Түркістан облысы иеленді. Еншісінде 183 ұпай бар Алматы облысы 2-орын алса, 164 ұпаймен Қызылорда командасы үшінші орынға тұрақтады.

Дәстүр бойынша 4 жылдан кейін «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарын қабылдайтын өңір анықталды. Ойындардың туын Маңғыстау облысы Алматы облысына табыстады.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер