Велоспорт

«Астана» велокомандасы қазақстандық жас спортшымен келісімшартқа қол қойды

 «Астана» велокомандасы қазақстандық жас спортшымен келісімшартқа қол қойды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасындағы топтық жарысының қазіргі чемпионы Нұрберген Нұрлыхасым 2022 жылдан бастап Astana Qazaqstan Team командасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап екі маусымға жарамды келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, бұл - Нұрбергеннің алғашқы кәсіби келісімшарты. 21 жастағы Нұрберген Нұрлыхасым беделді еуропалық жарыстарда жасөспірімдер мен жастар деңгейінде өнер көрсетуде лайықты тәжірибе жинап үлгерді. Мәселен, Нұрлыхасым жасөспірімдер және жастар (23 жасқа дейін) арасындағы әлем чемпионатында, «Джиро д’Италия» және «Тур дел’Авенир» додаларының жастар арасындағы сайысында сынға түскен.

Осы маусымда Нұрберген Қазақстан чемпионатының топтық жарысында сенімді жеңіске жетті.

Сондай-ақ шабандоз жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионатта жоғарғы орындарға ие болған. «Балтик-Карконоше туры» (2019) кезеңінде 4-ші орын, «Тур де ДМЗ» (2017) жалпы есебінде тоғызыншы орынға тұрақтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер