Бокс

Серік Сәпиев қызметінен босатылды

Серік Сәпиев қызметінен босатылды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алыдмен YEDILOV ONLINE телеграм арнасы хабарлады.

Кейін ҚазАқпарат бұл мәліметті Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі растағанын жазды.

37 жастағы Серік Сәпиев Комитет төрағасы қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.

2017 жылы ақпанда «Нұр Отан» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі болған. 2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев екі дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанды.

Айта кетейік, Токиода Олимпаиадасындағы сәттсіздіктен кейін спорт саласындағы басшыларға көп сын айтылды. Жапонияда біздің спортшылар жазғы ойындарда алғаш рет алтын медальсіз қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер