Теннис

Кенжеғұлов үстел теннисінен Австрия Бундеслигасында сәтті өнер көрсетіп жатыр

Кенжеғұлов үстел теннисінен Австрия Бундеслигасында сәтті өнер көрсетіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Австрия Бундеслигасындағы жолын жеңіспен жалғастырып келе жатыр.

Айдос Кенжеғұлов бұл күндері үстел теннисінен Австрияның «Badener» сапында бақ сынауда. Оның командасы кезекті ойынды 2020 жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері «UTTC Sparkasse» клубына қарсы өткізді. Екеуара кездесу 4:1 есебімен «Badener» жеңісімен аяқталды.

Айдос Кенжеғұлов («Badener») - Франсиско Санчи («UTTC Sparkasse») 3:1;

Аммиреза Аббаси («Badener») - Кенто Уолтл («UTTC Sparkasse») 3:0;

Марк Сагаве («Badener») - Майкл Тринк («UTTC Sparkasse») 1:3;

Айдос Кенжеғұлов/Аммиреза Аббаси («Badener») - Франсиско Санчи/Майкл Тринк («UTTC Sparkasse») 3:0;

Аммиреза Аббаси («Badener») - Майкл Тринк («UTTC Sparkasse») 3:0.

Бүгінде «Badener» (Баден) турнир кестесінде бесінші, ал «UTTC Sparkasse» (Зальцбург) үшінші орында келе жатыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер