Басқа

Ақмолалық каратэшілер Қазақстан чемпионатында жүлде алды

Ақмолалық каратэшілер Қазақстан чемпионатында жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Ақтау қаласында каратэден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақмолалық спортшылар күміс және қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина хабарлады.

Ақмола облысының спортшылары командалық катада күміс жүлдегер атанды, атап айтқанда Илья Дик, Әділ Ташим және Шахман Мажитов. Ал Никита Дик, Серік Сайын және Жаскен Али үшінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер