ММА

Артем Резников АСА-де Юсуф Раисовқа қарсы реванштың қызық емес екенін мәлімдеді

Артем Резников АСА-де Юсуф Раисовқа қарсы реванштың қызық емес екенін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік АСА ұйымы желтоқсанда Краснодарда өтетін кеште қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Юсуф Раисовтың жұдырықтасатынын хабарлады.

Бірақ спортшының өзі Юсуф Раисовқа қарсы реванштың қызық емес екенін айтып, титулдық жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

«Мен кез келген спортшымен жекпе-жек өткіземін демедім. Менен қай күн ыңғайлы екенін сұрады. Болды. Реванш үшін қомақты сыйақыны талап етемін. Өйткені бұл реванш маған қызық емес», – деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Артем Резников пен Юсуф Раисовтың арасындағы алғашқы айқас 2020 жылы өтіп, қазақстандық файтер жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер