Әлем футболы

2021 жылы ең көп гол соққан ойыншы кім

2021 жылы ең көп гол соққан ойыншы кім
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық басылымдар 2021 жылы ең көп гол соққан футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде «Бавария» футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовский көш бастады. Польшалық футболшы биыл ұлттық құрама мен клубта жалпы 52 гол соқтыү

Екінші орынға 43 гол соққан Эрлинг Холанд («Боруссия» Д) жайғасты.

Бір қызығы бітіспес қарсыластар Криштиану Роналду мен Лионель Месси иық тіресіп тұр. Екеуі де 38 гол соғып, рейтингте үшінші сатыға ие болды.

Олардан кейін Килиан Мбаппе (36), Карим Бензема (34), Гарри Кейн (33), Мемфис Депай (32) және Ромелу Лукаку (30) жайғасқан.

Сонымен қатар гол+пас жүйесі бойынша үздіктер де белгілі болды. Бұл рейтингте де Левандовский бірінші орында тұр. Ол биыл 52 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Жалпы 60 ұпай.

Бұл тізімде үздік үштікке Холанд (43+10) пен Месси (38+14) енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер