Командалық

Регбиден Қазақстан құрамасы БАӘ командасын ірі есеппен жеңді

Регбиден Қазақстан құрамасы БАӘ командасын ірі есеппен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Регбиден Қазақстан ерлер командасы бірлескен оқу-жаттығу жиындары аясында БАӘ құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.

Регби-7 бойынша ерлер ұлттық құрамасы Алматы қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жаттығу жиындары аясында 16-17 қазан күндері қос команда өзара кездесіп, жарыс өткізді. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан 24:14 есебімен ұтып, екінші ойында 12:7 есебімен есе жіберді. Ал екінші ойын күнінде отандық регбишілер 24:12 және 22:7 есебімен БАӘ құрамасын жеңді.

Айта кетерлігі, регби-7 бойынша БАӘ ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер