Басқа

Жансель Дениз Черногориядағы рейтингілік турнирде топ жарды

Жансель Дениз Черногориядағы рейтингілік турнирде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Черногория астанасы Подгорицада таеквондодан рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық Жансель Дениз алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан басталды. Ол алдымен Молдова, кейін Бразилия спортшысын жеңген.

Ал финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті.

Қола жүлдені Бразилия және Хорватия таеквондошылары иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер